Арманыңды іске асыр
"Тәуелсіздік ұрпақтары" байқауына қатысып,
1 млн тг көлеміндегі грант иегері атан!

«Тәуелсіздік ұрпақтары» гранты Алматыда белсенді және шығармашылық қауымдастық құруға бағытталған жастар бастамаларын қолдайды. Егер сіздің жасыңыз 14 пен 35 аралығында болса және қала мен елдің дамуына үлес қоса алатын идеяңыз болса, өтінім беріп, оны жүзеге асыру үшін 1 миллион теңге алыңыз. Армандарыңыз шындыққа айналуы мүмкін!
Грантты қандай бағыттарда алуға болады?
Гранттар төмендегі 6 бағыт бойынша жобаларды жүзеге асыру үшін байқау негізінде беріледі.
Ғылым
Жаңа ғылыми жобаларды және зерттеулерді іске асыруға арналған
Мәдениет
Қазақстанның мәдени мұрасын танымал етуге, халықтық мәдени дәстүрлер мен өнерді ілгерілетуге бағытталған жобаларды іске асыруға арналған
Ақпараттық технологиялар
Жаңа IT шешімдер мен жобаларды, оның ішінде жаңадан басталған стартап жобаларды іске асыруға және әзірлеуге арналған
Бизнес
Жаңа бизнес-идеяларды іске асыруға арналған
Медиа
Жаңа медиа жобаларды, оның ішінде жастар үшін танымдық, пайдалы, қызықты контент құру жөніндегі жобаларды іске асыруға арналған
Волонтерлік
Өзекті, әлеуметтік проблемаларды шешуге бағытталған волонтерлік жобаларды (бастамаларды) іске асыруға арналған.
Грантқа өтінім беру және іріктеу процесі екі кезеңнен тұрады.
1
Байқау өтінімдерін қабылдау және талаптарға сәйкестігін тексеру
Байқау өтінімдері уәкілетті органмен қабылданып, талаптарға сәйкестігі бойынша қаралады. Өтінімдерді қабылдау мерзімі аяқталғаннан кейін бір ай ішінде қарастырылады.
2
Өтінімдерді бағалау және жеңімпаздарды анықтау
Байқау өтінімдерін бағалау байқау комиссиясы мүшелерімен бірінші кезең аяқталғаннан кейін 15 жұмыс күні ішінде жүргізіледі. Бағалау нәтижелері бойынша жеңімпаздар анықталып, оларға грант беріледі.

Өтінімді қалай беру керек?
Өтінімдер 2024 жылдың 16 қыркүйегінен 16 қазанына дейін қабылданады
«Тәуелсіздік ұрпақтары» грантына өтінім беру үшін келесі құжаттарды тапсыру қажет, оларды осында, сәйкес сілтемелерге басу арқылы жүктей аласыз:
Идеяңызды жүзеге асырудың алғашқы қадамы
Нысанды толтырып, қажетті құжаттарды тіркесеңіз,
1 млн теңге грант ұтып алуға мүмкіндік аласыз.
Тізімнен біреуін таңдаңыз
Құжаттарды төмендегі тізім бойынша тіркеңіз
PDF форматында
Құжаттардың жүктелуін растау
Мен төмендегі құжаттарды жүктегенімді растаймын
«Жіберу» батырмасын басу арқылы, сіз жеке деректерді өңдеу және жинау туралы Келісіммен танысқаныңызды растайсыз.
Бізге қолдау білдірген
Made on
Tilda